МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
Бұл мақалада мектеп қабырғасындағы оқушыларға отансүйгіштік тәрбие берудің маңызы мен тиімді жолдары қарастырылған. Жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтарға құрметі, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері жан-жақты қарастырылған. Елжандылық тәрбиені жүзеге асыруда білім беру ұйымдарының, отбасының және қоғамдық ортаның рөлі айқындалады. Сонымен қатар, тәрбие сағаттары, әскери-патриоттық іс-шаралар, тарихи-танымдық жұмыстар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін дамыту жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері патриоттық тәрбиенің жастардың ұлттық санасын қалыптастырудағы және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызын көрсетеді
Отанға сүйіспеншілік
Патриоттық тәрбие
азаматтық жауапкершілік
елжандылық
жастар тәрбиесі
мектеп оқушылары
тәрбие жұмысы
ұлттық сана
ұлттық құндылықтар
әскери-патриоттық тәрбие